«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі - қоғамның игіліктерін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат іздеуде және із-түссіз жоғалғандарды еске алу үшін бірігіп, ерікті түрде ұйымдасқан азаматтар тобының бастамасымен құрылған коммерциялық емес ұйым.
Бірлестіктің қызметі Қазақстандықтардың соғыс кезінде соғыс алаңдарында із-түссіз жоғалтқанын зерттеу үшін, сондай-ақ біздің еліміздің архивтері мен басқа мемлекеттердің архивтері, госпитальдардың, концлагерьлердің және зираттардың архивтері бойынша ақпарат жинау ұйымдастыру болып табылады. Қазақстан азаматтарын патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.
Бірлестіктің қызметінің мақсаттары:
- Отан қорғау, әскери, қызметтік борышты орындау кезінде қаза болғандардың естелігін сақтау мен мәңгілендіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын сақтау мақсатындағы заңды іс-әрекеттер;
- Қазақстан Республикасының азаматтарын азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі мемлекеттік органдарға жастар саясатын жүзеге асыруда көмек көрсету.
Бірлестіктің басқару органдары:
- жоғары басқару органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысы;
- ұжымдық басқару органы – Қадағалау кеңесі;
- бақылау органы – Ревизиялық комиссия;
- атқарушы орган – Басқарма;
- қаржы ресурстарын басқару органы – Қамқоршылық кеңесі.
Бірлестіктің жоғары басқару органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысы, оның құзыретіне мыналар кіреді:
- Бірлестіктің Жарғысын бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе жаңадан редакцияда бекіту;
- Бірлестікті ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау;
- Бірлестіктің құрылтайшыларына басқа тұлғаларды қабылдау және құрылтайшылардың құрамынан шығу туралы шешім қабылдау;
- Бірлестіктің қызметі туралы кез келген ақпаратты алу құқығына ие.
Бірлестіктің тұрақты қызмет ететін басқару органдары – ұжымдық басқару органы – Қадағалау кеңесі. Қадағалау кеңесінің құзыретіне бірлестік қызметінің сәйкестігін бақылау мәселелері, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдау кіреді. Қадағалау кеңесін Қазақстанның «Қарулы Күштердің Ардагерлері» орталық кеңесінің төрағасы, генерал-майор Алтынбаев М.К. басқарады.
Бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды Ревизиялық комиссия жүзеге асырады.
Бірлестіктің біржақты атқарушы органы – Бірлестіктің Басқармасы. Басқарма Бірлестіктің құрылтайшыларының жалпы жиналысына есеп береді.
Басқарма төрағасы, орынбасары және Басқарма мүшелері Бірлестіктің құрылтайшыларының жалпы жиналысында 5 жыл мерзімге сайланады.
Басқарма төрағасының мынандай өкілеттіктері бар:
- атқарушы органның қызметін ұйымдастыру және Бірлестіктің қызметкерлеріне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- Бірлестіктің мүдделерін мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа да ұйымдарда ұсынады;
- құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімдерін жүзеге асыруды бақылауды жүзеге асырады;
- Бірлестіктің ішкі және өзге де құжаттарын бекітеді;
- Бірлестіктің жоғары тұрған басқару органдарының шешімдері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
- Бірлестіктің басқару органдары тапсырған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың төрағасы болып Молдағалиев М.Ж. сайланды.
Бірлестіктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес:
- халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастарды қолдауға, қоғамдық (мемлекеттік емес) және коммерциялық ұйымдармен кез келген меншік нысанындағы келісімдер жасау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық, мемлекетаралық (үкіметаралық) міндеттемелеріне қайшы келмейтін жағдайда халықаралық қоғамдық (мемлекеттік емес) бірлестіктеріне енгізілуі.
Бірлестікті Қазақстан Республикасында заңнамамен көзделген тәртіпте қайта ұйымдастыру, тарату мүмкін. Бірлестікті қайта ұйымдастыру, таратудан тартысты мәселе қабылдауды басқарудың жоғары органы жүзеге асырады.
Молдағалиев Мурат Жанатаевич
Басқарма Төрағасы
Абубакир Абдреевич
Төраға орынбасары
Бақыт Хасенова
Өңірлермен және жастармен жұмыс жасау департаментінің директоры
Марфуза Сайтнурова Сулейменова
Қоғамдық бірлестік "Atamnyn Amanaty" еріктілер іздестіру желісінің жетекшісі
Нұрхайдарқызы Мейрхан
Іздеу тобының басшысы
Үшкемпирова Фарида Орымбаевна
Іздеу жүйесі
Тоқтамысова Гүлнара Әзірбайжанқызы
Іздеу жүйесі
Айтова Айгуль Казбековна
Іздеу жүйесі
Досымбекова Салтанат Талгатовна
Іздеу жүйесі

Қанафина Гульнара Бектемировна
Іздеу жүйесі
Бидаулетова Ботакөз Оңғаровна
Қостанай облысының координаторы
Зиядабек Асель Айдосовна
Шығыс Қазақстан координаторы
Каирим Жанна Сагытжанкызы
Ақтөбе облысының координаторы
